Ссылки доступа

Қырғызстанда үкіметке қарсы толқулар болды


Бүгін Қырғызстанның Нарын қаласының орталығында 200 шақты адам үкіметке қарсы наразылыққа шықты.

Олар премьер-министр Темир Сариевтің қала тұрғындарымен кездесуге келмегеніне наразы. Жиналғандар электр қуаты тарифтерінің өсіп, мал шаруашылығы өнімдерінің керісінше арзандауынан және Жоғарғы Нарын СЭС каскады құрылысының созылып кетуінен алаңға шығуға мәжбүр болғандарын айтуда. Бұған дейін Нарын тұрғындары қаңтардың 27-не үкіметтің таулы өлкеде тұратындарға берілетін коэффициенттерді қайта қарастыру жоспарына қарсы жиналмақ болған еді. Алайда осы аптада үкімет заң жобасын қайтарып алды. Мұны шенеуніктер заң жобасында Қырғызстан өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға қатысты сұрақтардың ескерусіз қалғанымен түсіндірген еді.

XS
SM
MD
LG