Бағлан провинциясының губернаторы Абдул Саттар Өзбекстаннан Кабул арқылы өтетін электр желісін қалпына келтіру үшін бірнеше күн мен 2 мың сарбаз қажет болады деп мәлімдеді.
Бүгінде Ауғанстан халқы 1286 мегаватт электр энергиясын пайдаланады, 80 пайызын көрші Өзбекстан, Иран, Түркіменстан және Тәжікстан елдерінен сатып алады.
Электр энергияның көп бөлігін - 30 пайызын Өзбекстаннан алады. 2009 жылдан бері Өзбекстан Кабулдан бастап, Ауғанстанның бес облысын электр жарығымен қамтамасыз етіп келеді.
Ауғанстан 2016 жылы өзбек электр жарығын тағы да 8-10 пайыға ұлғайту жөнінде шешім қабылдаған.
Өзбекстандағы электр энергиясының тапшылығына қарамастан, ресми Тәшкент экспортты ұлғайту жөнінде келісім берген.