Ссылки доступа

Саяси теңдік пен мүмкіндік жөніндегі гендерлік алшақтықтың ғалам индексінде Қырғызстан 145 орыннан 76-орынға шықты. Бұл жөнінде Қырғызстанның Стратегиялық зерттеулер жөніндегі ұлттық институттың баспасөз қызметі мәлімдейді.

Бұл рейтіндіге Қырғызстан экономикалық қатысу және мүмкіндік бойынша 80-орынға шықса, білім алуда 81-орында тұр. Ал денсаулық сақтау мен күн көруде 79-орынды көрсетеді.

Гендерлік алшақтық жөніндегі индексте бірінші орында Исландия тұр, Ең соңғысы — Йемен. Беларусь Еуразиялық экономикалық одағы елдерінің көшін бастап 34 - орынға шыққан. Одан кейін Қазақстан (47), Ресей (75), Армения (105).

Гендерлік алшақтық индексі (The Global Gender Gap Index) — әлемдегі ер мен әйел азаматтарының құқықтарының тең болуын зерттейді. Индекс төрт бөліктен тұрады: экономикалық қатысу, білім алу, денсаулық сақтау мен саяси теңдік және мүмкіндік.

XS
SM
MD
LG