Ссылки доступа

Шемішке шағып қоғам сынына ұшыраған бойжеткен өзіне қол жұмсамақ болған


Ататүрік саябағындағы шемішке шағып, қабығын жерге тастап отырған қыз жөніндегі бейнебаян кең тарап кеткен соң, қыз өзіне қол жұмсамақ болған деп мәлімдеді жергілікті полиция өкілі. Ол өте көп дәрілерді бірден қабылдаған.

Денсаулық сақтау министрлігі аталған ақпаратты растамады да, жоққа да шығармады.

Бішкек мэрі қоғамдық орынды ластау дерегі бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық жайында хаттама толтырылып, Октябрь ауданындағы әкімшілік комиссиясына жіберген. Істі қарауға қызды шақырған кезде, оның ауруханада жатқаны белгілі болған.

Еске сала кетейік, қаңтар айында интернетте екі қыздың шемішке шағып, қоғамдық орынды ластап отырғандықтары жөнінде бейнебаян қоғам наразылығын туғызған еді.

XS
SM
MD
LG