Ссылки доступа

НАТО ресейлік насихатқа қарсы тұрмақ


Солтүстік Атлантикалық Шарт Одағы Кремльдің 2014 жылы Қырымды басып алғаны секілді әрекеттерін қолдаған «ақпараттық соғысқа» қарсы тұратын болады.

Бұл үшін жаңа, қуатты байланыс бөлімі құрылады және құпия мәліметтер жарияланады.

НАТО мен Еуропа одағы Ресейдің телевизия және интернетті әдейі теріс хабар таратуға пайдалану мүмкіндігінің молдығына алаңдайды. Осыған орай, ЕО Мәскеудің ашық үгіт-насихатына қарсы тұру үшін былтыр арнайы бөлім құрды.

Осындай ұсыныстарға сәйкес, НАТО қауіп-қатердің төнгенін растайтын құпия мәліметтерді ашық түрде жариялауы және әлеуметтік медиа мүмкіндіктерін кеңірек қолдана бастауы мүмкін. Ресей Қырымға басып кіргеннен кейін, НАТО Украина шекарасында шоғырланған ресейлік әскердің суреттерін көрсеткен еді. Алайда бұл суреттерді коммерциялық жер серіктері түсірген әрі әскери одақ оларды Қырымды тартып алғанынан бір ай өткен соң ғана көрсетті.

Бұл жоспарды Ұлыбритания және өзге де елдер мақұлдағанымен, Құрама Штаттар насихат ретінде қабылданатын кез келген стратегиядан қауіптенеді.

Ресей мемлекеттік БАҚ-қа қыруар қаржы жұмсап, шетелдегі жүздеген журналистінің алдына өзі агрессияшыл санайтын батыстың насихатына әлемді қарсы қою міндетін жүктеп отыр. Ресей сонымен бірге қазір интернетте, Twitter секілді әлеуметтік желілерде де белсенді саясат жүргізуде.

XS
SM
MD
LG