Ссылки доступа

Тікұшақ апатына ұшырағандар қаза тапты


Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов Алматы облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың жолаушылары мен экипаж мүшелерінің тегіс қаза тапқанын хабарлады.

Бұған Алматы облысында жоғаған тікұшақтың бөліктері бүгін таңертең облыстың Ақсу ауданындағы Қапал ауылының маңынан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандардың арасында тікұшақ ұшқышы, екі дәрігер және сәбиімен отырған ана бар. Оқиға орнына ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко кетті.

Кеше Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға ұшып шыққан «Аспан» компаниясына тиесілі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағы жергілікті уақытпен 16 сағат 55 минутта радардан жоғалған. Тікұшақ облыстық ауруханаға науқас сәбиді жеткізуі керек болған.

XS
SM
MD
LG