Ссылки доступа

Өзбекстанда милиционердің отбасын қырғандар жазаланды


Кісі өліміне тапсырыс берген Азизбек Ахмедов 20 жылға бас бостандығынан айырылды, оның айтқанын орындаған Исмаилов пен Хусанов есімді азаматтар 25 жылға, тағы бір кәмелетке толмаған Бокижонов 15 жылға сотталды.

Бір жыл бұрын, Наманган облысындағы Хаккулабад қаласының 61 жастағы тұрғыны Зарифа Ботирова, оның 27 жастағы келіні Наргиза мен 4 жастағы немересі қатыгездікпен өлтірілген еді. Қылмыскерлер олардың мәйіттерін «Әндіжансай» су арнасына лақтырып жіберген. Марқұмдар Ташкентте Өзбекстан ІІМ қылмыстық іздестірудің тергеу бөлімінде істейтін милиционердің отбасы мүшесі болатын. Тәртіп сақшысының тірі қалған емшектегі баласын қылмыскерлер жақын маңдағы үйдің ауласына тастап кеткен.

Тергеу орындары милиционердің отбасының өлімі оның кәсіби қызметімен байланысты екенін жоққа шығарған еді.

Ұсталғандар милиционердің үйіне тонау мақсатында кіргендерін және оның жақындарын қылмысқа куә болғаны үшін өлтіргендерін мойындады. 20 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру Өзбекстанда ең ауыр жаза саналады. Адам өлтіргендер мен террорлық шабуыл жасағандар ғана осылай жазаланады. Өзбекстанда өлім жазасына 2008жылдың қаңтарынан бері тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG