Ссылки доступа

Үйленер алдында дәрігерлік анықтама алып, генетикалық тесттен өту қажет


Тәжікстан тұрғындары Отбасы кодексіндегі некеге тұруға қатысты жаңа ережелерді түрліше қабылдауда.

Заң бойынша, туыс адамдарға некеге тұруға тыйым салынады. АХАЖ бөлімдеріне генетикалық сараптама өткізілгені туралы анықтама апару қажет.

Дәрігерлер заң ережелері жас балалар арасындағы Даун, спин-бифид сндромы секілді ауытқушылықтардың азаюына себін тигізеді деп үміттенеді. Қазір елдегі ақыл-есінің дамуы жағынан мешел боп қалған балалардың 35 пайызының ата-анасы бір-біріне жақын туыс боп келеді. Туыстар үйленуі ауылды жерлерде, адам аяғының жетуі қиын аудандарда және джуги, тәжік сығандары секілді шағын халықтардың арасында жиі кездеседі. Оларда «бөтендерге» күйеуге шығу немесе үйлену қалыптаспаған салт.

Дегенмен тәжікстандықтардың бір бөлігі мұндай сараптаманы мемлекет қарапайым адамдардың есебінен пайда табу үшін шығарып отыр деп санайды. Сараптама шығынын үйленетіндер өз қалтасынан төлейді, ал оның бағасы қанша болатыны әлі белгісіз. Бірақ мұндай жұмыс арзан тұрмайды. Дәрігерлердің айтуынша, қымбат реагенттер АҚШ пен Еуропадан әкелінеді.

Бұдан бөлек, некеге тұрғысы келгендер Отбасы кодексіндегі жаңа ережелерге сай, денсаулығы туралы дәрігерлік анықтама алулары керек. ВИЧ жұқтырғандар, гепатит секілді бірқатар дерт түріне шалдыққандарға күйеуге шығуға немесе әйел алуға тыйым салынбайды. Алайда оларды райларынан қайтаруға үгіттейтін болады.

XS
SM
MD
LG