Ссылки доступа

АҚШ президенті екі қырғыз депутатын таңғы асқа шақырды


АҚШ президенті Барак Обаманың ақпанның 3-і күні Вашингтонда өтетін ресми таңғы асына әлемнің түрлі елінің өкілдерінің қатарында Қырғызстанның Жоғорку Кенешінің екі депутаты - Жанар Ақаев мен Асқарбек Шадиев шақырылды.

Ел парламенті хабарлаған жаңалықты «Азаттық» радиосына депутат Жанар Ақаевтың өзі де растады. Оның сөзінше, жыл сайын америкалық президент әлемнің 130 еліндегі халық қалаулыларын ресми таңғы асқа шақырады. Ақаев мұндай кездесуде саясат немесе экономикаға қатысты мәселелердің талқыланбайтынын айтты. Жанар Ақаев пен Асқарбек Шадиевтің есімдерін ел парламенті ұсынған.

XS
SM
MD
LG