Ссылки доступа

Сирия оппозициясы Женеваға барудан бас тартып жатыр


Сирия оппозициясының өкілі америкалық CNN телеканалына егер Башар Асад бірқатар қалалардағы қоршауды алып тастамайынша, Женеваға бейбіт келісімге өздерінің адамдарын жібермейтінін айтты.

Ол сонымен бірге бейбіт халықтарға қарсы шабуылдарды тоқтатып, түрмеде жазықсыз отырғандарды босатсын деген талабын қойды.

Женевада келіссөздер бүгін басталуы керек. Сирия оппозициясы Біріккен Ұлттар Ұйымынан (БҰҰ) өздерінің талаптарына қатысты жауабын күтуде. «Бұл талаптар үзілді-кесілді және талқылауға, көнуге жатпайды»,— деді оппозиция өкілі.

«Бізде Сирияға қатысты екі конференция болды. Енді үшіншісі ешнәрсесіз аяқталуы мүмкін емес»,— деді БҰҰ -ның Сирия мәселесіне байланысты арнайы өкілі Стаффан де Мистура. Де Мистура егер келіссөз болатын болса, араағайындық жасаушы болады. Соңғы рет Асад жақтастары мен оппозиция өкілдері екі жыл бұрын кездескен.

Конференция өткен дүйсенбі күні басталу керек болатын. Бірақ оппозицияның қандай өкілдері қатысады деген сұрақта ортақ шешімге келе алмағандықтан кейінге қалдырылды.

Түркия «Демократиялық одақ» партиясының форумға қатысуына қарсы, оны сириялық курдтерді партиясы деп есептейді. Анкара оны ұйымды террористік ұйым дейді.

Reuters агенттігі өздерінің ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабия астанасында кеңеске сириялық оппозиция Женева конференциясына бармау туралы шешім қабылдаған деп жазады. Reuters «АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри біздің келгенімізді талап етеді, біз тиісінше олар Асадқа біздің қойған талаптарымызды жеткізсін» деген сириялық оппозиционердің сөздерін келтіреді.

XS
SM
MD
LG