Ссылки доступа

Тәжікстанда «валюта айырбасына» қатысты іс қозғады


​Тәжікстанның Соғди облысының прокуратурасы «шетел валютасын заңсыз айналымға енгізгені үшін» 358 тұрғынға қарсы іс қозғады.

Облыс прокуроры Хабибулло Вохидов Худжанд қаласында өткізген баспасөз мәслихаты кезінде 73 адамға қатысты қылмыстық іс, қалған 285 адамға әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеген. Бұл жөнінде Азаттықтың тәжік қызметі хабарлайды.

Бұл жөнінде Азаттықтың тәжік қызметі хабарлайды.

Желтоқсан айында Тәжікстанның Ұлттық банкі елдегі барлық айырбастау пункттерін жапқан болатын. Жаңа ережеге сәйкес, барлық валюталық операцияларды тек ғана банктер мен несие ұйымдары жүргізеді. 26 қаңтарда Тәжікстанның Ұлттық банкінің төрағасы Жамшед Нурмухаммадзода билік заңсыз валюта айырбасы үшін түрме жазасын қарастырып жатыр деп мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG