Ссылки доступа

Амур барысы Тимур текесін жазалады (видео)


Приморск хайуанаттар бағы Амур барысының Тимур серкесін «бассыздығы» үшін жазалаған видеосын көрсетті.

Бақтың сайтында серке Тимур салмақты Амур барысын барынша мүйізімен сүзгілеп, аяқтарымен тепкілейді. Ең соңында Тимур Амурды бассалады. Амур басын көтеріп, Тимурды тістеп алып, лақтырып жібереді. Осыдан кейін барыс қайтадан жатады. «Таяқ жеген» Тимур қайтара барысқа бармайды.

Приморск хайуанаттар бағындағы Амур барысына бірнеше күн бұрын олжа ретінде серкені әкелген. Бірақ барыс оны жемтігіне айналдырмай, достасып кетті. Серке де өз кезегінде барысқа әбден үйреніп алған. Екеуі бірге серуендейді. Үнемі соңынан еріп жүреді.

XS
SM
MD
LG