Ссылки доступа

Дамаск жарылыстан қаза тапқандармен қоштасуда


Бүгін Сирияның астанасы Дамаскіде қаңтардың 31-де болған қос жарылыстан қаза тапқандар жерленеді.

Орталық Азия жаңалықтар Қызметі сириялық полиция деректеріне сүйене отырып, жексенбі күні 60-тан астам адам көз жұмып, 110-ы жараланғанын хабарлайды.

Террорлық шабуылды «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы мойнына алды. Жарылыстар шииттік Сайид Зайнаб қасиетті орнының жанында болған: алдымен жарылғыш зат тиелген көлік жарылса, екінші бомбаны жанкешті іске қосқан.

Бұл арада Женевада жұма күні Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеу туралы келіссөздер басталды. Швейцариядағы бітімгершілік жиынына ел президенті Башар Асадтың режимімен күресіп жатқан оппозициядағы саяси және әскери топтардың 17 өкілі келді

ЕО сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини Дамаскідегі жарылыстар Сирияға қатысты бейбіт келіссөздерді болдырмауды көздегендердің ісі деп атады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри де Женевадағы бейбіт келіссөздерге келгендерді Дамаскідегі жексенбілік террорлық шабуылға қарамастан, бітімгершілік жолдарын іздей беруге шақырды.

XS
SM
MD
LG