Ссылки доступа

Мәскеудегі өрттен Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары қаза тапты (видео)


Мәскеудегі Стромынка көшесінде орналасқан тігін цехындағы өрттен қаза тапқандар арасында Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары бар.

Нақты мәлімет бойынша, өрттен көз жұмғандар саны 12-ге жетті. Марқұм болған үш бала бар, оның біреуі- емшектегі сәби. РФ тергеу комитеті өз кезегінде бір ғана кәмелетке толмаған жасөспірімнің өлімін растап отыр.

Марқұмдардың дені өзбек және қырғыз азаматтары боп шықты. Интерфакс агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөз 4 сағатта сөндірілген өрттің екі жерден таралғанын хабарлаған. Бұл төтенше оқиғаға әдейі от қою себеп болды деп жорамалдауға негіз береді.

Адамдардың қаза табуына байланысты «Байқаусызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелген мүлікті әдейі жою немесе зақымдау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу орындары өрт шығуына себеп болған барлық жорамалдарды тексеруде.

XS
SM
MD
LG