Ссылки доступа

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу ресейлік әскери ұшақтың еліндегі әуе шекарасын тағы да бұзғандығы жөніндегі ақпараттың растығын дәлелдейтін айғақтардың барын айтады.

«Ресей біздің әуе кеңістігімізді бұзғандығын жасыра алмайды. Бұл оқиғаны жасыру мүмкін емес, егер бұл орын алса», – деп атап өтті түрік премьер-министрі Сауд Арабия астанасында болған баспасөз мәслихаты кезінде.

Сонымен бірге Эр-Риядта Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу елінің Ресейге заңды бұзушылық жөнінде айғақтарды бергенін мәлімдеді.

Алдын Түркия СІМ 29 қаңтарда Су-34 ресейлік жойқын күші Түркияның әуе кеңістігіне бірнеше рет жасалған ескертулерге қарамастан еніп кеткенін хабарлаған. Ескерту орыс және ағылшын тілдерінда жасалған. Аталған мекеме Ресейді екі ел арасындағы шиеленісті күшейтіп отыр деп айыптап, кез-келген ауыр салдар үшін жауапты болатынын ескертті.

Өткен жылы 24 қарашада түрік әскери әуе күштері Сириямен шекара маңында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын әуеден атып құлатқан соң Ресей мен Түркия арасындағы жағдай нашарлап кеткен. Анкара ол жолы да «ресейлік ұшақ ескертуімізді елемей, әуеде шекарамызды бұзды» деп мәлімдеген. Бірақ Мәскеу ондай айыптауларды түгел жоққа шығарып, Түркияға қарсы санкциялар енгізген.

XS
SM
MD
LG