Ссылки доступа

Мәскеуде өртенген тігін цехын қырғызстандық кәсіпкер жалға алған


31 қаңтардың түнінде Мәскеудің Стромынка көшесіндегі ғимараттан өрт шығып, 12 адам қайтыс болған.

Өртенген ғимаратты қырғызстандық кәсіпкер Алым Тогузаков жалға алған екен. Бұл жөнінде ресейлік «Вести» телеканалы келісім жасаған қозғалмайтын мүлік агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Онда Тогузаков ғимараттың үш қабатын жалға алғанын, оның бірі өнімдерді сақтайтын қойма болғандығы айтылады. Телеканалдың мәліметінше, кәсіпкер ғимараттың әрбір шаршы метріне жылына бес мың рубль төлеген. Ал жалға алынған жай бірнеше мың шаршы метрді құрайды. Келісімде ғимаратта адамдар тәулік бойында жұмыс істейді делінген.

Бұл аймақты қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызмет сирек тексереді екен. Өйткені заңға сәйкес, жеке кәсіпкердің орын-жайын жиі тексеруге алуға рұқсат етілмейді.

Алдын хабарланғандай, тігін цехында болған өрттен 12 адам қайтыс болған. Оның сегізі Қырғызстан азаматы, екеуі Өзбекстан азаматы. Өрт болған мекемеден тек екі қырғызстандық, бір Ресей және бір Өзбекстан азаматы шығып үлгерген.

XS
SM
MD
LG