Ссылки доступа

Шойын кір тасы үшін мың доллар!


Соңғы аптада Тәжікстанда советтік дәуірде жасалған кір тасы үшін үлкен байбалам болып жатыр. Жарнама сайттары мен әлеуметтік желілерде кір тасына қатысты түрлі жарнама толған.

Спорт тауарларымен айналысатын кәсіпкерлер Тульск зауытында шығарылған кір тастарының құрамында бағалы металл бар, сол үшін оны қымбат бағаға сатып алуға дайын дейді.

«Кір тастың басқа түрлері жарамайды. Бізе төменгі жағы дөңгелекше болып келгені керек. Біз ол үшін мың доллар төлеуге дайынбыз. Біз алыпсатар емеспіз. Кір тасты алатындармен тікелей жұмыс істейміз. Тәжікстанда оны пайдалану мүмкін емес, себебі бізде ондай технология жоқ», - дейді сатып алушылардың бірі Орталық Азия жаңалықтар қызметіне.

Кір тасы төңірегіндегі байбалам спорт залдарына да жеткен. Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Бобохон Санговқа соңғы күндері бірнеше мәрте қоңырау шалған. Одан соңғы елу жылда тәжірибесінде көрмеген кір тастары жөнінде сұраған.

«Мен ауыр атлетикамен 1966 жылдан бері айналысып келемін. Бірақ мен мұндай алып-қашпа сөздерді бірінші рет естуім», - дейді Бобохон Сангов.

Физика және техника институтының ғалымдары кір тасында бағалы металлдар бар екен деген сөзді тек аңыз дейді. Олар да бұрын-соңды мұндай әңгімелердің естімегенін айтады.

Әлеуметтанушылар болса, мұндай қауесеттің тарауы, тұрғындардың экономикалық сауаттылығының төмен екенін білдіреді деп есептейді.

Әлеуметтанушы Ермухаммад Ниёзи «Бұл тек ғана қауесет, мысалы жер сілкінісі болады деп тұрғындардың түнімен үйлерінен қашып шығып, көшеде тұратындары секілді»,- дейді.

XS
SM
MD
LG