Ссылки доступа

Сириялық оппозиция келіссөз басталды деп айтуға әлі ерте дейді


Сириялық оппозициялық топтың жетекшісі, жоғарғы келіссөз комитеті БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистура Сириядағы жағдайды ретке келтіру келіссөзі басталды деп жариялап, «алдыға кетіп қалды» деп мәлімдеді.

«Біз БҰҰ арнайы өкіліне бейбіт келісім аясындағы келіссөзде бізді байланыстырмаңдар деп анық түсіндірдік», - деп мәлімдейді оппозициялық топтың өкілі Монзер Махус. Оның сөзінше, егер Сирия үкіметі жақын күндері нақты қадамдар жасауға дайын екенін мәлімдесе ғана диалог орнатулары мүмкін. «Егер бұлай болмаса, комитет өкілдері келіссөз орындығына отырмайды», - деп атап өтті Махус.

Алдын дүйсенбі күні Стаффан де Мистура Женевада Сирияда бес жылдан бері созылған соғысты тоқтатуға қатысты келіссөз басталды деп ресми түрде мәлімдеген болатын. Дипломат мәлімдегендей, соғысты тоқтатудағы жауапкершілік державаларда жатыр, олардың мақсаттары БҰҰ резолюциясын орындап, Сирия Араб республикасында жаңа конституция бойынша сайлау өткізу.

XS
SM
MD
LG