Ссылки доступа

WhatsApp-ты қолданушылар саны 1 млрд-тан асты


WhatsApp мессенджерін қолданушылар саны 1 миллиардтан асты. Бұл жөнінде Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукербер өзінің парақшасында хабарлады.

Ол 2014 жылдан бері WhatsApp-қа да иелік етеді.

«Қазіргі уақытта бір миллиард адам WhatsApp қолданады», – деп жазды ол, мессенджердің негізін қалаған Яна Кума мен Брайан Эктонды құттықтап.

Цукерберг WhatsApp Facebook құрылымына енгеннен кейін, оның аудиториясы екі есеге дейін өскенін атап өткен. Ол өзінің командасы мессенджерді қолданушылар санын арттыруға жұмыс істейтініне әрі қызметін әрі жетілдіретініне уәде берген.

2014 жылдың ақпан айында Facebook әлеуметтік желісі WhatsApp сервисін 19 млрд АҚШ долларына сатып алатынын мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG