Ссылки доступа

Жануарға аяушылық білдіргені үшін түрмеге отыруы мүмкін


Азаттық көпке таныстырған қолға үйренген Арко атты арқардың иесі, Қызылорда облысы Жаңақорған кентінің тұрғыны Қалау Әшімов жануардан айырылып қалу қаупі туғанын айтады.

Қолға үйренген арқар туралы түсірілген видеосюжет бірнеше халықаралық және жергілікті БАҚ-тың назарына ілінген болатын. Қазақстанда «Қызыл кітапқа» енгізілген жабайы тау жануарына «Арко» деп ат қойып, бауыр басып қалған отбасының хикаясы тек ақпарат құралдары емес, жергілікті ішкі істер бөлімінің де назарына ілінген сияқты. Қалау Әшімовтің айтуынша, үйіне бір топ полиция қызметкері келіп, тексеріп кеткен.

- Арқардың тұратын орны мен өзімді суретке түсіріп, арқардың әкетілуі, менің үстімнен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін ескертті. Арқарды зообаққа өткізу мен үшін туған баламды жетімдер үйіне өткізгенмен бірдей, - дейді ол.

Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу жөніндегі орынбасары Марат Смайыл бұл ақпаратты растайды.

- Заңда «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарды рұқсатсыз ұстағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қалау Әшімов «арқарды кішкентайынан асырап, бағып аяушылық білдірдім дейді. Бірақ ол оның өзінің көзқарасы бойынша солай. Заң бойынша ондай сирек кездесетін аңдарды ұстап тұруға құқығы жоқ, - деді ол.

XS
SM
MD
LG