Ссылки доступа

Мәскеуде Евгений Леонов мүсінін ұрлаған өзбек азаматтарының ісі сотқа жіберілді


Мәскеу прокуратурасы Өзбекстанның жеті азаматына қатысты қылмыстық іске байланысты айыптау қорытындысын жасады.

Орталық Азия жаңалықтар қызметіне белгілі болғандай, 1 ақпанда «Джентельмены удачи» фильміндегі «Доцент» көркемдік кейіпкерін сомдаған ресейлік актер Евгений Леоновқа қойылған ескерткіштің ұрлануына байланысты іс сотқа жіберілген.

Мәскеудің Батыс әкімшілік округы бойынша прокуратурасы 21 мен 27 жас аралығындағы Өзбекстан азаматтарына қатысты қылмыстық іске айыптау қорытындысын жасаған. Айыптаушылар қазірде қамауда отыр. Олардың істері сотта дәлелденсе, 10 жылға дейін түрме жазасы беріліп, миллион рубльге дейін айыппұл төлеуі мүмкін.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында «Джентльмены удачи» фильмінің басты кейіпкерін сомдаған актер Евгений Леоновқа тұрғызылған ескерткіш ұрланып кеткен. Сол күні шұғыл іздестіру кезінде Өзбекстанның бес азаматы ұсталған. Олар ол ескерткішті металл қабылдаушыларға өткізген екен.

​Тергеу барысында Өзбекстан азаматтары совет дәуірінің аңыз актері жайында бірінші рет естіп тұрғанын, «Джентльмены удачи» фильмін ешқашан көрмегенін айтады. Олар осы уақыт ішінде ескерткішті ерітіп, 39 мың рубльге (635 АҚШ доллары) сатып үлгерген екен.

XS
SM
MD
LG