Ссылки доступа

Ташкент ШЫҰ-ға тұрғындарды мәжбүрлеу арқылы дайындалып жатыр


Ташкент билігі жергілікті тұрғындарын көшеде тұрған спутниктік антенналарын алып тастап, терезелерін ауыстыруды талап етіп жатыр.

Олар осылайша, биылғы жылдың маусым айында болатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне дайындалу үстінде.

Өзбек бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, тұрғын үй меншігі серіктестігі қала билігіне сілтеме жасап, қысқа уақыт ішінде тұрғын үйлердің сыртын әрлеуге тапсырма берген. Тұрғындар он күн ішінде бұйрықты орындаулары қажет екен.

Егер бұйрықты орындамаған күнде «Әкімшілік жауапкершілік жөніндегі» Кодекс бойынша бестен онға дейін төменгі айлық есебі бойынша айыппұл төлеуге міндетті делінген.

​Өзбекстанда мәжбүрлі түрде қайта жөндеу жиі өтіп тұрады. 2015 жылдың тамыз айында Өзбекстан халық суретшісі Гафур Кадыровтың шеберханасы темір жапырақтармен шегеленіп тасталған еді.

XS
SM
MD
LG