Ссылки доступа

Пентагон «Ресейдің басқыншылығымен» күреске 3,4 миллиард доллар сұрап отыр


АҚШ қорғаныс министрі Эш Картердің сөзінше, 2017 жылға сұралған қаржы көлемі бұрынғысынан 4 есеге өскен.

Картер: «Біз НАТО бойынша одақтастарымызды қолдау үшін Еуропадағы шептерімізді нығайтамыз.», - деп мәлімдеді. Бұл қаржы сонымен бірге АҚШ күштерінің Шығыс Еуропадағы жағдайын нығайтуға да жұмсалады.

«Осылайша көптеген жоба қаржыландырылады. Еуропадағы АҚШ әскерінің саны артады. Одақтастарымызбен көп жаттығу өткізетін боламыз. Түрлі қару түрлері көбейтіліп, оларды қолдауға қажет инфрақұрылымдар жақсарады.», - деді Картер. Ресейге қарсы әрекетке қажет қаржының көбеюі 582,7 млрд долларға жететін 2017 жылға арналған қорғаныс бюджетінің бір бөлігі боп табылады. Пентагон басшысының айтуынша, қаржы бес негізгі мәселеге: Ресей, Қытай, Солтүстік Корея, Иран және «Ислам мемлекеті» тобына қатысты түйткілдерді шешуге қажет.

Сонымен бірге қорғаныс министрлігі Ауғанстандағы әскери операциялар үшін қосымша 59 миллиард және Ирак пен Сирияда ИМ содырларымен күреске жеті млрд доллардан астам қаржы сұрайды деген болжам бар. Бұл былтырғы жылдың бюджетімен салысырғанда 35 пайызға көп.

XS
SM
MD
LG