Ссылки доступа

Тәжікстан түркі тілдес атауларды алып тастауда


Тәжікстан билігі атауы түркі тілімен түбірлес елді мекендердің аттарын ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Парламент қарауына жолданған тізімге өзбек және қырғызша атаулары бар он елді мекен енген.

Билік тәжік тілінің бастауы саналатын парсы тілімен тамырлас «таза» тәжік атауларын қалпына келтіруді патриоттық қадам ретінде түсіндіреді. Түркі тілдес топқа жататын өзбек пен қырғыз тіліндегі атаулар бұл талаптарға сай келмей қалған.

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тізімге ел аумағындағы аудандар мен елді мекендердің аттары және ірі су электр станциясы орналасқан Қайраққұм су қоймасы да енген. Олардың орнын ескі парсыша атаулары, тәжіктің тарихи қайраткерлерінің есімдері мен жаңа тәжікше атаулар басады.

КСРО-ның тарауымен Тәжікстанда атауларды ауыстыру науқаны басталды. Жиырма жыл ішінде орыстілді және кеңестік атаулары бар елді мекендердің басым бөлігіне жаңа ат берілді.


XS
SM
MD
LG