Ссылки доступа

Өзбекстан Ұлттық банкінің компьютерлері істен шықты


Ақпанның алғашқы күні Өзбекстанның Ұлттық банкінің компьютерлері «техникалық ақауларға» байланысты қаржы транзакцияларын жүргізе алмай қалды.

Өзбекстанның сыртқы экономикалық қызметінің жұмысын қамтамасыз ететін компьютерлердің істен шығуының нәтижесінде, ақпанның 1-і күні бір де бір банк операциясы жасалмай, клиенттердің кідіруіне тура келген. Банктің баспасөз қызметі бұл мәліметті растамады, жоққа да шығармады.

uzmetronom.com порталының хабарлауынша, компьютерлік жүйенің жұмысына қажетті бағдарламалардың жетіспеуі кедергі келтірген. Дереккөзіне сүйенген сайт дұрыс істемейтін компьютерлік бағдарламалар бірнеше жыл бұрын «қызметі күдік тудыратын компаниядан» сатып алынғанын жазады. Нәтижесінде әр айдың басында осындай ақаулар мен кедергілер болып тұратын көрінеді.Сайт «бағдарламаның дұрыс жұмыс істемеуінен онсыз да төмен банк беделіне нұқсан келеді, оның барлық әріптесі жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болады», деп жазады.

2015 жылы қазанның 2-де Ферғана облысындағы екі банктің филиалдарының компьютерлері қазанның 2-нің орнына қыркүйектің 31-ін көрсеткеніне байланысты бұл қаржы ұйымдары жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған еді. Кейбір сарапшылар банктер өздеріне ыңғайлы статистикаға қол жеткізу үшін осылай уақыт созады деп санайды.

XS
SM
MD
LG