Ссылки доступа

Ресей Тәжікстан әскерін барынша қаруландыруға уәде берді


Ресей Ауғанстаннан қауіп күшейген кезде, Тәжікстан әскеріне қару-жарақ жеткізеді.

Осылай деп Ресейдің қорғаныс министрінің орынбасары Анатолий Антонов Душанбеге барған сапарында мәлімдеді. Ол Тәжікстанды Ресей үшін әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға басымдық беретін елдердің бірі деп атады.

«Біз Тәжікстан қаншалықты қауіпсіз болса, Ресей Федерациясы да соншалықты қауіпсіз болады деп есептейміз», — деп атап өтті Ресей қорғаныс министрінің орынбасары.

Антонов сонымен бірге Тәжікстандағы 201 ресейлік базаны да шабуылға дайын тұрарлықтай барынша қаруландыратынын жеткізді. Оның сөзінше, ресейлік әскери база Тәжікстанның егемендігі мен ұлтық мүдделерін қорғауға дайын.

Душанбе билігі Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарт ұйымының тәжік-ауған шекарасын күшейтеміз деген уәдесі әлі орындалмай келе жатқанын бірнеше рет айтқан болатын. Соған қарамастан, Ресей 201 әскери базаны заманауи қару-жарақтармен қамтамасыз етіп отыр.

XS
SM
MD
LG