Ссылки доступа

Байқоңыр бойынша Ресеймен келісімге түзетулер енгізілуде


Қазақстан парламенті бүгінгі пленарлық отырыста Байқоңырды жалға беру туралы Ресеймен арадағы келісімге ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран апаты кезіндегі өзара әрекет тәртібін қарастыратын түзетулерді қабылдады.

Хаттама бойынша, зымыран апаты болған жағдайдағы Қазақстанның ішкі істер министрлігі, жергілікті атқарушы органдар мен апат салдарын жоюға қатысты бірлескен штабтың құзыреттері белгіленді.

Байқоңырдағы зымыран апаты болған жағдайдағы Қазақстан мен Ресейдің өзара әрекет ету тәртібі туралы келісім 1999 жылы 18 қарашада бекітілген. Осы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама 2015 жылдың маусымында жасалды.

Ресей Қазақстаннан Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағы кіретін "Байқоңыр" кешенін жалға алған. 2050 жылға дейінгі келісім бойынша,жалдау құны жылына 115 миллион доллар.

2013 жылы 2 шілдеде ресейлік зымыран-тасымалдаушы құлағалы бері, Қазақстанда гептил отынымен ұшатын зымырандарға тыйым салу бастамасы жиі көтерілуде.

XS
SM
MD
LG