Ссылки доступа

ХЭБ Қырғызстанның ветериналық қызметінің жұмысын тексереді


Халықаралық эпизоотикалық бюро өкілдері Қырғызстанның ветеринарлық қызметін тексереді.

Бұл туралы ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі Мемлекеттік инспекция директоры Калысбек Жумаканов хабарлады. Оның айтуынша, 12 ақпанға дейін сарапшылар елдің барлық облысын аралап, аймақтық ветеринарлық мамандармен кездеседі.

«Қырғызстан ХЭБ мамандарын арнайы шақырды. Біз ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік инспекциясының жұмысы халықаралық талаптарға қаншалықты сай екенін білгіміз келді. Қай бағытта кемршіліктер барын анықтап, қандай өзгерістер енгізуді анықтау қажет. Сарапшылар жұмыстарын аяқтаған соң,барлық ветеринарлық қызмет түрі бойынша қорытынды жасап, кеңестерін береді», - деді Жумаканов.

Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болған соң, елде ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік талаптары күшейді. Эпизоотикалық жағдайдың күрделігіне байланысты, ЕАЭО-қа мүше елдерде ветеринарлық инспекция әлі жұмыс істеуде.

Халықаралық эпизоотикалық бюро (ХЭБ) – әлемдегі жануарлардың денсаулығына жауапты мемлекетаралық ұйым. 180 ел ХЭБ мүшесі боп табылады. Қырғызстан ұйымға 1992 жылы қосылды.

XS
SM
MD
LG