Ссылки доступа

Ди Каприо кинода Путинді сомдайды


Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприо Ресей президенті Владимир Путин туралы фильмде басты кейіпкерді ойнауға алдын ала келісімін берген.

Бұл туынды 2017 жылдың көктемінде шығады деп жоспарланған. Бұл туралы Knightsbridge Entertainment кинокомпаниясындағы дереккөзіне сілтеме жасаған "Дождь" телеарнасы хабарлады.

Putin аталатын фильмнің дайындық жұмысына бір жыл кеткен, қазір сценарийдің соңғы нұсқасы мақұлдануда. Телеарнаның мәліметінше, фильмнің кастингіне бірнеше Голливуд жұлдызы қатысқан. Knightsbridge Entertainment фильмнің жанры – саяси триллер деп отыр. Кинокомпанияның сайтында фильм туралы: "МҚК офицері, премьер-министрліктен – президентке дейін. Аңыз адам. Әлемдегі ең ықпалды адамның жеке өмірі мен қызметіне көзқарас ", – деп сипатталады.

Мұның алдында Леонардо Ди Каприо немістің Welt am Sonntag басылымына берген сұхбатында Ресей президентінің рөлін сомдауға үлкен қызығушылық білдірген еді. "Путиннің рөлі өте-өте-өте қызық болар еді", – дейді актер.

XS
SM
MD
LG