Ссылки доступа

Тәжікстан Ресейдің Сириядағы әскери операциясын қолдады


Бұл туралы 4 ақпанда Душанбеде өткен баспасөз жиынында елдің СІМ басшысы Сироджиддин Аслов мәлімдеді.

Оның айтуынша, "РФ Сириядағы әрекеті барлық халықаралық талаптарға сай және Тәжікстан мұны оң қабылдайды".Тәжікстан Жоғарғы соты ИМ ұйымының қызметіне елде тыйым салған еді. Дегенмен елдің ІІМ хабарлауынша,Тәжікстанның 500-ден астам азаматы ИМ жағында соғысуға кеткен. Олардың арасында былтыр республикалық ерекше мақсаттағы арнайы жасақты басқарған полковник Гулмурод Халимов та бар.

Сарапшылар СІМ басшысының бүгінгі мәлімдемесін соңғы жиырма жылда жалғыз «стратегиялық одақтас» боп отырған Ресейге құрмет білдірудің көрінісі ретінде бағалайды.

1 миллионнан астам тәжік азаматы осы елге жұмыс іздеп кетті. Және олар жыл сайын отанына 2 миллиард доллардан астам ақша жолдап отырады, бұл елдің ЖІӨ 50%-на тең. Бірақ былтырдан бері Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон стратегиялық әріптес ретінде Қытайды жиі айтып жүр. Сарапшылардың пікірінше, Ресейдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы мен қытай инвестициясы көлемінің артуы, тәжік билігін елдің сыртқы саясаттағы басымдықтарын өзгертуге мәжбүрлейді.

XS
SM
MD
LG