Ссылки доступа

Қазақстанда күніне100 адамнан қатерлі ісік анықталады


Мамандар Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандар санының жыл өте өсіп бара жатқанына алаңдайды. Қазақ онкология және радиология институтының дерегінше, қазір елде 156 мың адамға осынай диагноз қойылған.

Күн сайын жүзге тарта жаңа қатерлі ісіктің пайда болғаны туралы дерек тіркеледі. 2015 жылдың нәтижесінде 36 438 жаңа оқиға тіркелген, жылына 16 мың адамға дейін обырдан көз жұмады.

Қазақстанның көптеген тұрғыны тері қатерлі ісігі, асқазан мен өкпе қатерлі ісігі секілді онкологиялық дертке шалдығады. Мамандар ел тұрғындарына еш жері ауырмаса да, тегін тексеруден өтуге шақырады.

Қатерлі ісікке қарсы Дүниежүзілік күніне орай өткен басасөз жиынында Алматы қалалық онкологиялық орталығының бас дәрігері Диляра Қайдарова: «Қатерлі ісіктің негізінен гендік жағынан бейімділіктен туады. Обыр күйзелістен, гормоналды өзгерістерден пайда болады, оның вирусты этиологиясы да бар. Темекі тартқандарда өкпенің қатерлі ісі пада болады, алкоголь асқазан және бауырдың қатерлі ісігіне әкеледі. Дұрыс тамақтанбау, семіздік, жүрек-қан тамыр аурулары бәрі ауруға әкелетін қатерлер»,-деп мәлімдеді.

Қатерлі ісік әсіресе Солтүстік, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында кең таралған. Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында мұндай дертке шалдыққандар сирек кездеседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын 14 миллионға дейін адамнан қатерлі ісік табылатыны және сегіз миллионға жуық науқастың дерттен көз жұматынын тіркейді.

XS
SM
MD
LG