Ссылки доступа

Қырғызстан сыртқа 3,6 миллиард доллар қарыз


2015 жылы Қырғызстанның сыртқы қарызы 169 миллион долларға немесе 4,9%-ға өсіп, 3 миллиард 606 миллион долларға жетті.

Бұл туралы Бішкектегі баспасөз жиынында қаржы министрінің орынбасары Мирланбек Байгончоков мәлімдеді.Қаржы министрлігі қарызды қайта құрылымдау жөнінде жұмысты қолға алған, атап айтқанда, Германия және Ресеймен келіссөздер жүруде. Ішкі қарыз 15 миллиард 483,7 миллион сом немесе 204 миллион долларды құрайды.

Қаржы министрлігі несиенің 98% жеңілдетілген шартпен алынғанын айтады, алайда доллар бағамының құбылуы сыртқы қарызды қайтаруға едәуір кедергі келтіріп отыр.

XS
SM
MD
LG