Ссылки доступа

Давутоглу Ресейді Сириядағы "әскери қылмыстары» үшін айыптайды


Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Ресей мен сириялық президент Башар Асадтың өзге де жақтаушыларын Сирияда "әскери қылмыс"жасағандары үшін айыптады.

Лондондағы сириялық соғыс құрбандарына көмек қаржы жинау конференциясында сөз сөйлеген Давутоглу Сириядағы гуманитарлық дағдарыстың басты себебі "сириялық режимнің әскери қылмыстары " мен Ислам мемлекеті содырларында жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, "Асад режиміне көмектесіп жатқандар да әскери қылмыстарға барып отыр». Дәйек есебінде Давутоглу «Алеппоның ресейлік ұшақтардың жойқын шабуылдарының астында қалғанын» келтірді.

Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков Мәскеуде Давутоглудың сынына жауап қайтарды. Ол Түркияны Сирияға "әскери басып кіруге қатты дайындалып жатыр»,- деп айыптады. Ол Ресейдің "Сирия аумағына жақын жерде түрік қарулы күштерінің белсенді операциялар жасауға бағытталған құпия дайындығын байқап отырғаны" туралы айтты.

Кейінірек Анкарадағы түрік үкіметінің өкілі Мәскеу түрік әскерилерінің дайындығы туралы мәлімдемені жұрт назарын өз «қылмыстарынан» басқаға аудару мақсатында жасағанын жариялады.

XS
SM
MD
LG