Ссылки доступа

Ауылға жарық тартпаған әкімнің үйін электрден ажыратып тастады


Қазақстанның Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қарамағындағы шенеунікті ерекше жолмен жазалады.

Бердібек Сапарбаев Мұғалжар ауданындағы сегіз жүзге тарта тұрғыны жарықсыз отырған Қайыңды ауылына электр қуатын тартып бергенге дейін, аудан әкімінің үйіндегі жарықты қиып тастауға бұйрық берді.

Облыс әкімі: «Ауыл 10 жылдан бері жарықсыз отыр, ал сіздің үйіңізде жарық бар. Әкім мен оның орынбасарының үйін электр қуатынан ажыратуға бұйырамын. Қайыңдыға жарық келген күні ғана қосасыздар», - деп энергетиктерге тапсырма берді.

Одан бөлек, өңір басшысы аудандағы жол құрылысын да сынға алған.

«Сіз ауданды 11 жыл басқарып отырсыз және осы уақытта небәрі 11 көшеге асфальт төсепсіз. Жылына – бір көшеден. Қалған 30 көшені қалпына келтіру үшін сізге 30 жыл керек болар», - деп мысқылдады Сапарбаев.

XS
SM
MD
LG