Ссылки доступа

Тәжікстандағы Исламның өркендеуі партиясының 13 лидеріне сот ісі басталмақ


Алдағы дүйсенбі күні, 9 ақпанда Тәжікстанның Жоғарғы сотында атышулы сот ісі жабық есік жағдайында өтпекші. Айыпталушылар орынтағында Тәжікстанда тыйым салынған Исламның өркендеуі партиясының (ТИӨП) 13 лидері.

ТИӨП-тің тұтқындағы мүшелерінің туыстары сот процесіне тек ғана адвокаттары мен бір ғана тусының қатысуына рұқсат берілгенін айтады.

ТИӨП-тің жетекшілігіндегі 13 мүшесі, олар — партияның төраға орынбасарлары Саидумар Хусайни және Мухаммадали Хайит, сонымен бірге Абдукаххори Давлат, Рахматуллои Раджаб, Зубайдуллои Розик, Мухаммадалии Файзмухаммад, Хикматулло Сайфуллозода, Киёмиддин Авазов, Зарафо Рахмони, Махмадшариф Набиев, Абдусамад Гайратов, Саттор Каримов пен Вохидхон Косидиновтар. Олар өткен жылдың 16-17 қыркүйегінде Абдухалим Назарзодаға қарсы операция жүргізген кезде ұсталған.

Тәжік билігі шетелде қашып жүрген Мухиддина Кабири жетекшілік ететін Исламның өркендеуі партиясын былтыр болған қарулы бүлікке қатысы бар деп айыптайды. Былтыр 29 қыркүйекте Жоғарғы сот партияның қызметіне тыйым салды.

Алайда партия жетекшілері бұл айыптарды жоққа шығарады. Алдын халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар соңғы айларда Тәжікстанда ТИӨП-ке қатысы бар деген екі жүзге жуық адамның ұсталғанын хабарлаған. Олардың түрлі азаптауларды бастан өткеріп жатқаны да айтылған.

XS
SM
MD
LG