Ссылки доступа

Атырауда темекі тұқылын жерге тастағаны үшін өзбек азаматын елден шығарады


Өзбекстан азаматын темекі тұқылын рұқсат етілмеген жерге тастағаны үшін үш тәулікке қамауға алған.

Бұл жөнінде Атырау облыстық сотына сілтеме жасап, Tengrinews.kz интернет-басылымы хабарлайды.

Сот шешімі бойынша, Өзбекстан азаматы рұқсат етілмеген орынға темекі тұқылын тастап, қоғамдық орынды ластап, ұсақ бұзақылық жасады делінген.

«Атыраудың мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысы бойынша, Кодиров К. Әкімшілік кодекстің 1 бабына сәйкес, кінәлі деп табылып, 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынсын. «Шетелдіктердің құқықтық жайы туралы» заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда, елден шығарылуы мүмкін»,- делінген хабарламада.

Сот Өзбекстан азаматын шешім шықан күннен бастап 10 күн ішінде Қазақстаннан шығару жөнінде шешім қабылдаған.

XS
SM
MD
LG