Ссылки доступа

Тайвандағы жер сілкінісінен кейін ондаған адам жоғалды


Құтқарушылар Тайванның  оңтүстігінде орналасқан Тайнань қаласында 6 ақпандағы жер сілкінісінен қираған 17 қабатты үйдің үйіндісінен жүзге тарта адамды іздеп жатыр.

Тайнань қаласының мэрі олардың көпшілігі қирандылардың астында қалғанын хабарлады. Қазірге дейін 200-ден астам адам құтқарылды, тағы 32 адамның өлімі расталды.

Жер асты дүмпуінің магнитудасы 6,4 болған. 500-ге жуық тұрғын зардап шекті. Тайвань қорғаныс министрі көптеген отбасы қытайлық Жаңа жылды тойлауға жиналғандықтан, ғимаратта әдеттегіден көп адам болғанын хабарлады. Үйді тұрғызған құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

XS
SM
MD
LG