Ссылки доступа

55 мың доллар тұратын аңшылық


Тәжікстанның оңтүстігінде кездесетін бұрандамүйізді текені атып алуға берілетін рұқсаттың құны 40 мыңнан 55 мың долларға қымбаттады.

Бұрандамүйізді теке Тәжікстандағы ең бағалы аң саналады. Хатлондағы табиғат қорғау басқармасының өкілдерінің айтуынша, рұқсат қағазының құнымен қоса, сирек кездесетін аңды атудың квотасы да өскен.

Былтыр Хатлон өңірі бойынша, әрқайсының құны 40 мың доллар болатын үш жабайы текені атуға рұқсат етілген. Биыл 55 мың доллар тұратын лицензиямен бірге атуға болатын аңның квотасы беске дейін көбейген.

Хатлон облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының орынбасары Хабибулло Кодиров бұл жануардың бір жылда атуға болатын санының 3-тен 5-ке артуын Шуробод ауданындағы Даштиджума орман алқабындағы бұрандамүйіз текелердің басының көбеюімен түсіндірді. 1992 жылы сирек кездесетін жануардың саны 300 болса, қазір ол 1 400 басқа жеткен.

XS
SM
MD
LG