Ссылки доступа

Әнші Тамила Өзбекстаннан кетпейді


Бұған қатысты бейнемәлімдеме кеше өзбек әншісі Тамиланың (төлқұжаттағы есімі Эсмеральда Рахматова) Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

Көлігімен түнгі Ташкент көшелерін аралап жүрген әнші қазір Өзбекстанда екенін және өткен аптада Telegram мессенджерінде өзінің қатысуымен болған-мыс делінген «ұятсыз» видеоға өзінің еш қатысы жоқтығын хабарлады.

«Құрметті әлеуметтік желінің қолданушылары. Мені маған еш қатысы жоқ бейәдеп видео және фотоматериалдарға араластырмауларыңызды сұраймын. Бұған дейін тергеу орындары бұл матералдардың жалған екенін анықтаған. Сарапшылар менің продюсерлік орталығыма осыған қатысты ресми қорытындыларын жасап берді. Қазір өзімнің сүйікті қалам -Ташкенте жүрмін. Өздеріңіз көргендей ешқайда кетпедім. Маған қастық ойлағандардың бәріне ешқайда кетпегенімді және қашпағаныды хабарлаймын. Мені қазір қолдап отырғандарға шын жүректен алғысымды білдіремін», - дейді әнші Тамила.

Интернетте ұятсыз көріністер бейнеленген екі бірдей даулы видеороликтен кейін «Узбекнаво» эстрадалық бірлестігі әнші Тамиланың ел аумағында және шетелде концерт беруге рұқсат ететін лицензиясын қайтарып алғанын мәлімдеген еді.​

XS
SM
MD
LG