Ссылки доступа

Түркия: «біз босқындарды ажал аузында қалдырмаймыз»


Түркия «мүмкіндігінің шегіне жеткеніне» қарамастан, сириялық босқындарды қабылдауды жалғастыра бермек.

Елдің премьер-министрінің орынбасары Нуман Куртулмуштың хабарлауынша, Килис маңындағы шекарада жиналып қалған, үкіметтік әскердің шабуылынан қашқан ондаған мың босқынның барар жері жоқ. Вице-премьер: «олар не бомба астында қаза табады немесе біз оларға шекарамызды ашамыз,- деп мәлімдеді.

Сирия әскері Алеппо маңындағы көтерілісшілер бақылауындағы аудандарға шабуылын жалғастыруда. Әскери қимылдардан 35 мыңға жуық адам Түркиямен шекараға қашқан. Бұған дейін Еуроодақтың сыртқы істер бойынша жоғарғы комиссары Федерика Могерини босқындарға баспана берудің құқықтық, кем дегенде моральдық тұрғыдағы міндеттеме екенін мәлімдеп, Анкараны босқындарды ел аумағына кіргізуге шақырған болатын. Қараша айында ЕО Түркияға босқындарға көмек көрсету үшін 3,3 миллиард доллар беруге уәде берген. Қазірге дейін ел 2,5 миллион адамды паналатып отыр.

XS
SM
MD
LG