Ссылки доступа

Даулы аймақтағы тәжік үйіне қырғыздар туын іліп қойды


Тәжікстанның шекара қызметінің өкілі тәжік азаматтарының үйіне қырғыз туының ілінуін «қаскүнемдікпен жасалған әрекет» деп баға берді.

Тәжікстан шекара қызметінің Соғди облысы бойынша қолбасшысы, генерал Мұхаммад Джаафаров қырғыз шекарашылары 6 ақпанда Гафуров ауданының екі үйінің шатырына қырғыз туын іліп, бұл Қырғызстан жері, аймақты босатыңдар деп талап етті деп мәлімдеді.

Генерал Джаафаров аталған аумақтың даулы екенін, шекара сызығын әлі ресми белгілемегенін айтады. Алайда тұрғындар бұл жер о бастан Тәжікстанға тиесілі деген пікірде.

Қырғыз тарабы бұл мәселеге қатысты әлі ресми мәлімдеме таратпады. Бірақ жергілікті қырғыз билігі даулы аймақ қырғыздың жері деген ұстанымда.

Тәжік – қырғыз шекарасындағы даулы жерде суға қатысты, мал жайылымына қатысты үнемі кикілжің туып тұрады. Соңғы жылдары орын алған даудан екі тараптың тұрғындары жараланып, адам өлімі орын алған.

XS
SM
MD
LG