Ссылки доступа

Меркель мен Давутоглу Ресейдің Сириядағы әрекетін айыптайды


Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу мен Германия канцлері Ангела Меркель ресейлік әуе күштерімен Сирия үкіметі әскерінің Алеппо қаласына жасаған шабуылын айыптайды.

Олар бұл жөнінде Анкарада болған баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.

Германия канцлері Ресейге агрессияны тез арада тоқтатуын талап етіп, бұл бейбіт азаматтарға қарсы шабуылға жол беруге болмайтын БҰҰ резолюциясына қайшы келетінін айтты деп хабарлайды DPA агенттігі.

Ахмет Давутоглу өз кезегінде Түркия мен Германия Алеппоға қарсы соғысты тоқтатуға қатысты бірлесіп дипломатиялық күш біріктіру жөнінде келісімге келгендерін атап өтті. Давутоглу қажет болған жағдайда, Түркия шекарасында тұрған 30 мың босқынды қабылдауымыз мүмкін деді. Оның сөзінше, Алеппоға шабуылдан кейін, 30 мыңға жуық сириялық үйлерін тастап, Еуропаға босу үшін, Түркия шекарасында тұр.

Түркия премьері сонымен бірге Еуропалық Одақтан мигранттар дағдарысын шешу үшін деп берілген үш миллиард еуроны алғаннан кейін, Анкара арнайы жобаны келесі аптада Брюссельге таныстыратын болады деді.

XS
SM
MD
LG