Ссылки доступа

Қырғыз билігі Радио Озоди журналисін босатты


Қырғыз шекарашылары Азат Еуропа-Азаттық радиосы (RFE/RL) тәжік қызметінің (Озоди) тілшісі Маъсум Мухаммадраджабты сегіз сағат бойы ұстағаннан кейін босатты.

ҚР Шекара қызметінің хабарлауынша, Озоди радиосының журналисі Маъсум Мухаммадраджаб мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін ұсталып, хаттама толтырғаннан кейін босатқан. Аталған мекеменің баспасөз хатшысы Гүлмира Бөрібаева ол тек ресми белгіленген шекара бекетінен өту керек еді дейді.

Журналистің өзі екі тәжік үйіне қырғыз туын іліп қойған оқиғаға байланысты арнайы репортаж жасауға келген кезде, тәжік аумағында ұсталғанын айтады. «Бұл учаскеге қатысты ешқандай дәлелді заң жоқ. Мен олардан шекара сызығы қай жерде белгіленген, көрсетіңіздер деп талап қойдым. Олар бар жоғы арықтың жанындағы «Мақсат ауылы» деген жазуы бар тақтайшаны көрсетті. Олар мені бір шақырымдай қырғыз аумағына кіріп кетті деп есептейді», - деп жауап берді Маъсум Мухаммадраджаб босатылғаннан кейін.

Еске сала кетейік, ақпанның 6-сы күні Қырғызстан шекарашылары Овчикалъача ауылы тұрғындарының үйлеріне, «бұл территория Қырғызстанның жері» деген негізбен, Қырғызстан туын іліп кеткен. Тәжікстанның Бободжон Гафуров ауданының Овчикалъача ауылы Қырғызстанның Баткен облысының Кулунды елді мекеніне тиіп тұр. Бұл жер даулы территорияға жатады. Қырғызстан мен Тәжікстан бұл жерді өздерінікі деп санайды.

XS
SM
MD
LG