Ссылки доступа

HRW: Ресей Сирияда кассеталық бомба қолданған


Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Мәскеу мен Дамаскіні Сирияда тыйым салынған кассеталық бомбаларды "кеңінен қолданды" деп айыптады.

HRW өкілдері 26 қаңтардан бері Сирияның бес провинциясында кемінде 14 әскери операция барысында, оның ішінде елдің солтүстігіндегі Анадан қаласындағы әскери госпитальды әуеден бомбалау кезінде осындай оқ-дәрі қолданылғанын айтады.

Кассеталық бомбалар Алеппо, Дамаск, Идлиб, Хомс және Хам қалаларындағы стратегиялық маңызды шептерді шабуылдау кезінде де қолданылған. Ұйымның мәліметінше, бұл шабуылдардан кемінде 37 бейбіт тұрғын, оның ішінде алты әйел мен тоғыз бала қаза тапқан, ондаған адам жараланған.

Ұйым есебін куәлардың сөздеріне және дәрігерлер мен журналистердің құжаттарына сүйеніп жасаған. HRW Ресей мен Сирияны кассеталық бомбалар қолдануды тоқтатуға шақырады.

XS
SM
MD
LG