Ссылки доступа

Тәжік студенттері қайтадан Иранда оқитын болды


Иран тәжік студенттері үшін өзінің ЖОО-да 250 орын бөлді. Студенттерді Тәжікстан білім және ғылым министрлігінің халықаралық қатынастар басқармасы іріктейді.

Білім және ғылым министрлігінің халықаралық қатынастар басқармасының бастығы Исматулло Шодиев Орталық Азия Жаңалықтар Қызметіне Тәжікстанның Ираннан тәжік студенттерін өзінде оқытылмайтын кәсіп бойынша білім беруін өтінген.

"Біз дәл ғылым мен жаратылыстану бойынша мамандықтарға басымдық береміз. Өйткені Иранның оқу орындары техника, инженерия, медицина саласында көш ілгері кеткен және халықаралық деңгейдегі мамандар дайындайды.", - деді Шодиев.

2010 жылы жазда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның бұйрығымен шетелдегі діни жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан барлық тәжік студенті елге қайтарылған болатын. Олардың арасында Иранда оқыған 168 студент болды.

XS
SM
MD
LG