Ссылки доступа

Өзбекстанда мессенджерлерді бұғаттау жалғасуда


Интернет байланысы бойынша монополист боп табылатын «Узбектелеком» компаниясының берген уәдесіне қарамастан, Өзбекстанда әлі күнге Skype және тағы басқа мессенджерлер істемейді.

Skype, Viber, Telegram мессенджерлері Өзбекстанда былтырғы жылдың 29 шілдесінен бері қиындыққа тап болды. Ол кезде тек жазбаша хабарламаларды жіберуге болатын. Сол уақытта «Узбектелеком» сайтында «профилактикалық жұмыстарға байланысты интернет қызметінің сапасы нашарлауы мүмкін» екені туралы хабар пайда болды.

Мұндай хабарламалар бірнеше мәрте қайталанды. Соңғы рет, биылғы жылдың қаңтарының басында «Узбектелеком» мұндай қиындықтар ақпанның 5-не дейін жалғасатынын мәлімдеген еді. Қазір мессенджерлердің жұмысындағы қиындықтарға байланысты компания сайтында ешқандай түсініктеме берілмеді.

Өзбекстандағы интернет қолданушылардың көпшілігі Skype қызметіне өзге елдер арқылы «бұғатталған» сайттар мен қосымшаларды ашуға мүмкіндік беретін VPN-серверлер көмегімен қосылады.

XS
SM
MD
LG