Ссылки доступа

Сауд Арабиясы Сирияға әскерін жіберуі мүмкін


Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі  Адель аль-Джубейр өз елінің АҚШ бастаған коалиция күштері аясында «Ислам мемлекеті» содырларымен соғысуға Сирияға арнайы жасақ әскерін жіберуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Сауд Арабиясы АҚШ бастаған коалиция күштерінің шеңберінде Сирияға құрлық әскері немесе арнайы жасақ күштерін қажет жағдайда Сирияға жіберуге дайын», — деді Аль-Джубейр.

Аль-Джубейр бұл мәлімдемесін ВашингтондаАҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен екікүндік келіссөз өткізген соң жасады. Мемлекеттік департамент өкілі екі тараптың Сириядағы әскери операциялардың жай-жапсарын талқылағандарын қуаттады.

Бес жылдан бері азаматтық соғыстан көз ашпаған Сирияда, соңғы төрт айдағы ресейлік әуе күштерінің соққысынан кейін президент Башар Асадтың билігі қайта күшейген. Ресей мен Иран қолдап отырған Сирияның үкіметтік әскері Түркиямен шекараға қарай жылжып келеді.

XS
SM
MD
LG