Ссылки доступа

Джамала "Еуровидениеде" қырым татарлары жайында ән айтады


Халықаралық "Еуровидение" байқауына бұл жолы Украинадан 32 жастағы қырымдық татар Джамала қатысады.

Ол сахнада халқының 1944 жылы советтік диктатор Иосиф Сталиннің Орталық Азияға қалайша жаппай депортациялағаны жөнінде әнін орындайтын болады.

Әнші Джамала көрермендердің СМС-дауыс беруі нәтижесінде көп дауыс жинап және қазылар алқасының жоғары бағасын алып, бірінші жартылай финалда жеңіп шықты. Бұл байқауға қырымдықтардың көпшілігі дауыс бере алмады. Себебі олар бүгінде 2014 жылдан бері Ресей тарапынан аннексиялаған елде тұрып жатыр.

Қайырмасы ағылшын тілінде, негізгісі қырым-татар тілінде шырқалатын әннің композициясында 1944 жылдың мамыр айында 250 мың қырым татарының депортацияланғаны айтылады.

Джамаланың шын есімі — Сусана Джамаладинова. Ол 1983 жылы Қырғызстанда туған, сол жерге оның ата-анасы айдауға жіберілген.

Қырым-татарлық саясаткерлер 13 ақпандағы екінші жартылай финалда және 21 ақпанда болатын финалда Қырым тұрғындары дауыс беру мүмкіндігіне ие болу үшін "Еуровидение" ұйымдастырушыларына өтініш жасаймыз деп уәде берді.

XS
SM
MD
LG