Ссылки доступа

Тәжікстанда 22 мамырда конституциялық референдум өтеді


Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы - Маджилис намояндагон депутаттары 22 мамырға бүгін ел конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бүкілхалықтық референдум белгіледі.

Азаттықтың Тәжік редакциясының хабарлауынша, парламент спикері Шукурджон Зухуров дауыс беру бюллетенінде "Тәжікстан конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қолдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ қойылатынын айтқан.

Қос палата депутаттары дайындаған өзгерістер енгізу жобасы 41 пунктен тұрады. Олардың арасында конституцияға таяуда "ұлт көшбасшысы" және "бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін салушы" деп танылған президент Эмомали Рахмонның құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктеріне қатысты өзгерістер бар.

1992 жылдан бері Тәжікстанды басқарып келе жатқан Рахмон қазіргі конституция бойынша 2020 жылы өтетін сайлауға түсуге өтініш бере алмайды. Бірақ егер референдумда конституцияға өзгерістер мақұлданса онда Рахмон сайлауға кандидатурасын ұсына алады.

Конституцияға өзгерістер енгізу жобасын өткен аптада Тәжікстан конституциялық соты мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG