Ссылки доступа

АҚШ Өзбекстанның мақта теруде бала еңбегін алып тастағанын құптайды


АҚШ Өзбекстанның мақта теру науқанында бала еңбегін мәжбүрлі түрде пайдалану мәселесінде оң өзгерістер барын құптайды.

Бұл жөнінде АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі Памела Спратлен Ташкентте өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Біз мақта секторында жақсы өзгерістер барын көріп отырмыз. Біз Өзбекстанның осы бағытта Дүниежүзілік банкпен және Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп істеп жатқан жұмыстарын қолдаймыз. Өзбекстан өнімді модернизациялауға және диверсификациялауға ұмтылып, жұмысты одан әрі жалғастырады деген сенімдеміз", - деді Памела Спратлен.

Еске сала кетейік, БҰҰ жанындағы Халықаралық еңбек ұйымының 2015 жылғы есебінде Өзбекстандағы мақта теру науқанын бақылауда балалар еңбегін пайдалану кездеспеді делінген. Алайда жылдар бойы балалар еңбегіне қарсы жылдар бойы күресіп келе жатқан тәуелсіз халықаралық топтар Халықаралық еңбек ұйымының есебін сынға алған болатын.

XS
SM
MD
LG